31.05.2026 12:26

Заир-Эмери ерекше нәтиже тіркеді

31.05.2026 12:26

ПСЖ Чемпиондар лигасының финалында «Арсеналдан» (1:1, пен. 4:3) басым түсті

Осылайша Уоррен Заир-Эмери 20 жас 2 айында Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы атанған және сол екі финалда да ойнаған ең жас ойыншы атанды. Ол 20 жас 8 айында «Аякспен» екі рет топ жарған Йохан Неескенстің рекордын жаңартты.

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы осы маусымда 54 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram