31.05.2026 15:48

Леау «Миланнан» кетеді

31.05.2026 15:48

«Милан» вингері Рафаэль Леау болашағына қатысты пікір білдірді

«Милан» тарихында атымды қалдырғаным үшін мақтанамын, бірақ жаңа тарау бастағым келеді. Басқа чемпионатта ойнауға дайын екенімді сеземін. Мен «Милан» үшін барымды салдым, енді бағымды басқа жерде сынап көретін уақыт келді»,— деді Леау.

«Россонерри» Леауды 2019 жылы «Лилльден» 49,5 миллион еуроға сатып алған еді. 26 жастағы португалиялық вингер осы маусымда 31 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Қазір оған «Галатасарай», «Фенербахче» және «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытуда.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram