31.05.2026 17:05
Олисе Бундеслиганың осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды
31.05.2026 17:05
«Бавария» вингері Майкл Олисе футболшылардың нұсқасы бойынша Бундеслиганың осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды

Kicker ұйымдастырып, оған Германия чемпионатының 199 ойыншысы қатысқан дауыс беруде Олисенің көрсеткіші 40,7%-ды құрады. Екінші орынға «Лейпциг» шабуылшысы Ян Диоманд (15,1%) жайғасса, үздік үштікті «Гамбург» қорғаушы Лука Вушкович (11,1%) түйіндеді. Ал біріншілікте 36 гол соғып, үздік сұрмерген атанған «Бавария» форварды Харри Кейн (10,1%) төртінші орынға орнықты.
Олисе бұған дейін ресми түрде Бундеслиганың үздік ойыншысы деп танылған еді. 24 жастағы француз чемпионаттың биылғы маусымында 32 матчта 15 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді.