16.05.2026 21:24
Олисе Бундеслиганың үздік ойыншысы атанды
16.05.2026 21:24
Майкл Олисе Германия Бундеслигасының осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды

«Бавария» вингері 32 матчта 15 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. Ал өткен маусымда бұл аталым бойынша Мюнхен клубының тағы бір дүлдүлі Харри Кейн топ жарған еді.
24 жастағы француз ойыншысы «бавариялықтар» сапына 2024 жылы «Кристал Пэластан» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусым барлық турнирде 51 матчта 22 гол соғып, 30 нәтижелі пас берді.