16.05.2026 18:44

Ислам Чесноков Шотландия чемпионы атана алмады

16.05.2026 18:44

Шотландия Премьершипінің соңғы 38-турында «Хартс» сырт алаңда «Селтикке» 1:3 есебімен есе жіберді

Осылайша «жүректер» турнир кестесінде бірінші орыннан түсіп қалып, «Селтик» қатарынан бесінші мәрте және тарихында 56-рет Шотландия чемпионы атанды.

Отандасымыз Ислам Чесноков бұл ойынға 67-минутта тыңнан қосылды. «Хартсқа» 6 қаңтарда «Тобылдан» еркін агент ретінде ауысып келген 26 жастағы Қазақстан құрамасының вингері жалпы осы маусымда 11 матчқа қатысып, бір гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram