16.05.2026 18:21

Гордон «Баварияға» ауысады

16.05.2026 18:21

«Ньюкасл» вингері Энтони Гордон «Бавария» ойыншысы атанады

Педро Алмейданың хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. Оған сәйкес келісімшарт 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болады. Ал трансфер құны 75 миллион фунт стерлингті құрайды екен.

Гордон «сауысқандардың» сапына 2023 жылдың қаңтар айында «Эвертоннан» 45,6 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 46 матчта 17 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram