16.05.2026 16:25
Левандовски «Барселонадан» кетеді
16.05.2026 16:25
Роберт Левандовски «Барселонадан» кетеді

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады. Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды.
Левандовски Каталонияның клубына 2022 жылы «Бавариядан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы аралықта 191 матчта 119 гол соғып, 24 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ командамен Испанияның үш дүркін чемпионы атанып, Ел кубогын бір рет және Суперкубогын үш мәрте иеленді.