16.05.2026 13:30
Жоау Невеш «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін
16.05.2026 13:30
ПСЖ жартылай қорғаушысы Жоау Невеш мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, «қалалықтар» 21 жастағы португалиялық ойыншыны жазда қатарына қосқысы келеді және ол үшін 115 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын.
Париждің клубы Невешті 2024 жылдың тамыз айында «Бенфикадан» 65,92 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 36 матчта жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.