16.05.2026 11:11

Хаби Алонсо «Челси» бас бапкері атануға жақын

16.05.2026 11:11

Хаби Алонсо «Челсиді» тізгіндеуі мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Лондонның клубы Алонсомен кездесіп, тікелей келіссөз жүргізіпті және соңғы шешім жақында қабылданады.

«Көктер» жаңа бас бапкерін Әлем чемпионатына дейін хабарлағысы келеді. «Ақсүйектер» сондай-ақ Андони Ираола, Марко Силва және Оливер Гласнермен де келіссөз жүргізген екен.

Алонсо соңғы рет 2025 жылдың жазынан бері «Реалды» жаттықтырып, одан қаңтар айында кеткен еді. Ал «Челсидің» қазіргі тәлімгері Лиам Росеньордың клубтағы болашағы бұлыңғыр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram