16.05.2026 21:08
«Манчестер Сити» Англия кубогының иегері атанды
16.05.2026 21:08
Англия кубогының финалында «Манчестер Сити» «Челсиді» тізе бүктірді

«Уэмбли» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталып, жалғыз голды 72-минутта Антуан Семеньо соқты.
Осылайша «қалалықтар» бұл турнирде тоғызыншы рет топ жарды.
Пеп Гвардиоланың шәкірттері келесі ойынын 19 мамыр күні Ағылшын Премьер-лигасының 37-турында «Борнмутқа» қарсы өткізеді.