16.05.2026 20:53

«Бавария» чемпионатты ірі жеңіспен аяқтады

16.05.2026 20:53

Германия Бундеслигасының соңғы 34-турында «Бавария» өз алаңында «Кёльнді» тас-талқан етті

«Альянц Аренада» өткен кездесу 5:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Харри Кейн хет-трик жасаса, Том Бишоф пен Николас Джексон мергендік танытты.

Осылайша Мюнхеннің клубы чемпионатты 89 ұпаймен аяқтады. Венсан Компани шәкірттері 30-турда мезгілінен бұрын чемпион атанып қойған еді.

Келесі ойынын команда 23 мамыр күні Ел кубогының финалында «Штутгартқа» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram