21.01.2026 11:00
ПСЖ-ның 12 жылға созылған сериясы үзілді
21.01.2026 11:00
Чемпиондар лигасының 7-турында ПСЖ сырт алаңда «Спортингке» (1:2) есе жіберді

Осылайша Париждің клубы соңғы 12 жылда алғаш рет топ-5 лигада ойнамайтын клубқа есе жіберді. Бұған дейін соңғы рет 2013 жылдың 10 желтоқсанда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Бенфикаға» (1:2) жол берген еді. Содан бері қатарынан 32 матч бойы топ-5 лигаға кірмейтін клубтарды тізе бүктіріп келді.
Жеті ойыннан кейін 13 ұпай жинаған Луис Энрике шәкірттері турнир кестесінде бесінші орында келеді.