21.01.2026 08:36

Тер Штеген «Жирона» ойыншысы атанды

21.01.2026 08:36

Марк-Андре тер Штеген «Барселонадан» «Жиронаға» ауысады

«Жироналықтар» 33 жастағы неміс голкиперін маусым соңына дейін жалға алды. Бірақ сатып алу құқығы да, мүмкіндігі де қарастырылмады. Сондықтан Марк маусым айында «Барселонаға» оралады.

Айта кетейік, Тер Штеген 29 шілде күні алған арқасындағы жарақатына байланысты ұзақ уақыт қатарда болмады. Ол осы маусымда бір ғана матч өткізді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram