21.01.2026 09:39
«Интер» антирекорд орнатты
21.01.2026 09:39
УЕФА Чемпиондар лигасының 7-турында «Интер» «Арсеналға» (1:3) есе жіберді

Осылайша Миланның клубы Чемпиондар лигасында қатарынан үшінші матчта жеңіліс тапты. Бұған дейін «нерадзурри» бір турнирдің аясында үш ойын қатарынан жеңіліп көрмеген.
Кристиан Кивудың шәкірттері 6-турда «Ливерпульге» (0:1), ал 5-турда «Атлетикоға» (1:2) жол берген еді.
Жеті ойыннан кейін 12 ұпай жинаған «Интер» турнир кестесінде тоғызыншы орында келеді.