21.01.2026 10:34
«Арсенал» рекорд орнатты
21.01.2026 10:34
Чемпиондар лигасының 7-турында «Арсенал» «Интерден» (3:1) басым түсті

Осылайша Лондон клубы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасында жеті матч қатарынан жеңіске жетті. «Зеңбірекшілер» бұған дейін «Атлетикті» (2:0), «Олимпиакосты» (2:0), «Атлетиконы» (4:0), «Славияны» (3:0), «Баварияны» (3:1) және «Брюггені» (3:0) тізе бүктірген еді.
Ұпайдан шашау шығармай келе жатқан Микель Артета шәкірттері турнир кестесінде көш бастап тұр. Келесі турда команда 28 қаңтар күні «Қайратты» қабылдайды.