07.05.2026 02:02

ПСЖ Чемпиондар лигасының финалына шықты

07.05.2026 02:02

Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында ПСЖ сырт алаңда «Бавариямен» тең тарқасты

«Альянц Аренада» өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. 3-минутта Осман Дембеле есеп ашса, 90-минутта Харри Кейн таразы басын теңестірді.

Осылайша Луис Энрике шәкірттері қос матчтың қорытындысы бойынша 6:5 есебімен жеңіске жетті.

Енді Париждің клубы 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтетін финалда «Арсеналмен» чемпиондықты сарапқа салады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram