07.05.2026 00:32

Дембеленің голы үздіктер қатарына енді

07.05.2026 00:32

ПСЖ дүлдүлі Осман Дембеленің есімі тарихта қалды

28 жастағы француз вингері Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы «Баварияға» қарсы матчта 3-минутта есеп ашты.

Осылайша оның голы турнирдің жартылай финалында соғылған ең жылдам үшінші гол болып тіркелді – 2:19. Бұл көрсеткіш бойынша рекорд өткен маусымда «Барселона» қақпасын 30-секундта тулатқан «Интер» шабуылшысы Маркус Тюрамға тиесілі. Ал екінші орында 2021/22 жылғы маусымда «Реалға» қарсы 1:34-минутта мергендік танытқан «Манчестер Ситидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне тұр.

Қазір матчтың 30-минуты өтіп жатыр, есеп өзгеріссіз (0:1). Ал қос матчтың қорытындысы бойынша ПСЖ 6:4 есебімен басым тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram