07.05.2026 00:18

Кварацхелия тарихи нәтиже тіркеді

07.05.2026 00:18

ПСЖ вингері Хвича Кварацхелия тарихи нәтиже тіркеді

25 жастағы грузиялық ойыншы Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы «Баварияға» қарсы матчта 3-минутта есеп ашқан Осман Дембелеге нәтижелі пас берді.

Осылайша ол Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде 15+ «гол+пас» жасаған ПСЖ тарихындағы үшінші ойыншы атанды. Бұған дейін мұндай көрсеткішті тек Осман Дембеле мен Килиан Мбаппе тіркеген.

Қазір матчтың 17-минуты өтіп жатыр, есеп өзгеріссіз (0:1). Ал қос матчтың қорытындысы бойынша ПСЖ 6:4 есебімен басым тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram