07.05.2026 00:55

Кварацхелия рекорд орнатты

07.05.2026 00:55

ПСЖ вингері Хвича Кварацхелия рекорд орнатты

25 жастағы грузиялық ойыншы Чемпиондар лигасы жартылай финалыдағы «Баварияға» қарсы қарымта матчта 3-минутта есеп ашқан Осман Дембелеге нәтижелі пас берді.

Осылайша ол турнирдің бір маусымындағы плей-офф кезеңінде қатарынан жеті матчта нәтижелі әрекет жасаған тарихтағы алғашқы ойыншы атанды.

Қазір матчта үзіліс, есеп өзгеріссіз (0:1). Ал қос матчтың қорытындысы бойынша ПСЖ 6:4 есебімен басым тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram