28.04.2026 20:43
ПСЖ – «Бавария» матчының фавориті аталды
28.04.2026 20:43
Бүгін, 28 сәуірде Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчында ПСЖ «Баварияны» қабылдайды

Opta порталының пайымдауынша, бұл матчта Париж клубының басым түсу ықтималдығы 39.1%-ды құрайды. Мюнхендіктердің жеңісі болса 36.6%-ға бағаланған. Ал тең есеп тіркеледі деген болжамға 24.3% беріп тұр.
«Парк-де-Пренс» стадионында өтетін ойын сағат 00:00-де басталады. Оны Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Қарымта кездесу 6 мамырға жоспарланған.