28.11.2025 08:44

Португалия Әлем чемпионы атанды

28.11.2025 08:44

Қатарда өткен 17 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Әлем чемпионаты мәресіне жетті

Финалда Португалия Аустрия құрамасын тізе бүктірді. «Халифа» стадионында өткен ақтық кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 32-минутта «Бенфика» жастар командасының шабуылшысы Анизиу Кабрал соқты.

Осылайша Португалия жастары өз тарихында алғаш рет мундиальда топ жарды. Бұған дейінгі үздік нәтижесі 1989 жылы Шотландияда тіркелген еді. Ол кезде «селесао» қола жүлдені қанағат тұтты.

Ал үшінші орын үшін болған матчта Италия пенальти сериясы (0:0, 4:2 пен.) арқылы Бразилиядан басым түсті.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram