28.11.2025 08:20

Дюмфрис қашан оралады?

28.11.2025 08:20

«Интер» қорғаушысы Дензел Дюмфристің жағдайы белгілі болды

29 жастағы ойыншы тобығындағы жарақатына байланысты «Милан» (0:1) мен «Атлетикоға» (1:2) қарсы ойыннан тыс қалған еді.

Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, Дюмфрис 9 желтоқсан күні өтетін Чемпиондар лигасындағы «Ливерпульмен» кездесуге дайын болады екен.

Дюмфрис осы маусымда 15 матчқа қатысып, үш голдың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram