28.11.2025 03:03

«Ноттингем Форест» жеңіске жетті

28.11.2025 03:03

Еуропа лигасының 5-турында «Ноттингем Форест» өз алаңында «Мальмёден» басым түсті

«Сити Граунд» стадионында өткен кездесуде 3:0 есебі тіркелді. Алаң иелері сапынан Райан мен Муинга алғашқы таймда гол соқты. Ойынның екінші бөлігінде Миленкович матч нүктесін қойды.

Осылайша «орманшылар» сегізінші ұпайын еншіледі. Енді кезекті турда 11 желтоқсан күні «Утрехтке» қонаққа барады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram