28.11.2025 07:01
«Атлетикоға» айыппұл салынды
28.11.2025 07:01
«Атлетико» жанкүйерлерінің «Арсеналмен» өткен матчтағы әрекеті үшін 40 мың еуро айыппұл төледі

«Атлетико» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі сырт алаңдағы «Арсеналға» қарсы өткен (0:4) матчта жанкүйерлерінің тәртібі үшін УЕФА тарапынан жазаға тартылды.
Ұйымның ресми сайты хабарлағандай, клуб жанкүйерлерінің нәсілшіл немесе кемсітушілік сипаттағы әрекеттері үшін 30 мың еуро және алаңға бөгде заттар лақтырғаны үшін тағы 10 мың еуро айыппұл салынды.
Бұған қоса, «матрасшылар» келесі халықаралық матчта қонақ секторын шартты түрде жабу жазасына тартылды. Шартты жаза мерзімі – 1 жыл.