28.11.2025 06:52

«Фейеноорд» тағы да жеңілді

28.11.2025 06:52

«Фейеноорд» төртінші матч қатарынан ұтылды

«Фейеноорд» Еуропа Лигасының негізгі кезеңіндегі матчта «Селтикке» (1:3) жол берді. Команда төртінші рет қатарынан жеңілді.

Бұған дейін олар Нидерланд чемпионатында «Неймегеннен» (2:4) және «Гоу Эхед Иглзден» (1:2), сондай-ақ Еуропа Лигасында «Штутгарттан» (0:2) ұтылған еді. Соңғы алты матчта клуб бес рет жеңіліп, тек бір рет жеңіске жетті.

Эредивизиде команда екінші орында (28 ұпай) тұр. Еуропа Лигасында «Фейеноордтың» 3 ұпайы бар және 30-орында. Естеріңізге сала кетейік, команданы Робин ван Перси баптайды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram