20.09.2025 09:29
Педри өзі қарсы ойнаған ең мықты футболшыны атады
20.09.2025 09:29
«Барселона» жартылай қорғаушысы Педри мансабында кездескен ең мықты қарсылас ретінде Вирджил ван Дейкті атады
— «Ван Дейк экранның ар жағынан еңгезердей болып көрінеді. Ал алаңда одан да үлкен әрі мықтырақ. Жуырда Нидерланд құрамасымен ойнадық. Оны айналып өту өте қиын екен,– деді Педри.
Наурыз айында Испания мен Нидерланд құрамалары Ұлттар лигасының жартылай финалында кездескен еді. Екі ойынның нәтижесінде (2:2, 3:3) жеңімпаз анықталмай, пенальти сериясында Испанияның мерейі үстем болды.