20.09.2025 09:07
Жером Боатенг мансабын аяқтады
20.09.2025 09:07
Жером Боатенг әлеуметтік желіде мансабын аяқтағанын хабарлады.
«Отбасым. Достарым. Жанкүйерлер. Уақыт келді», – деп жазды 37 жастағы қорғаушы.
Боатенг мансабында «Герта», «Гамбург», «Манчестер Сити», «Бавария», «Лион», «Салернитана» және ЛАСК-те ойнады.
Ал Германия құрамасымен 2014 жылы әлем чемпионы да атанған еді. Сондай-ақ тоғыз рет Бундеслигада, екі мәрте Чемпиондар лигасында топ жарған. Жалпы 27 трофейге қол жеткізді.