19.09.2025 22:06

Чемпиондар лигасының 1-турдағы үздіктері анықталды

19.09.2025 22:06

Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің бірінші турында үздік ойын көрсеткен футболшылардан құрам жасақталды

UEFA бақылаушылары символикалық құрамға 11 түрлі клубтың ойыншыларын қосыпты.

Қақпашы: Херонимо Рульи («Марсель»);

Қорғаушылар: Маркос Льоренте («Атлетико» Мадрид), Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»), Деррик Люккассен («Пафос»), Юссуфа Мьоджи («Славия» Прага);

Жартылай қорғаушылао: Маркус Рэшфорд («Барселона»), Ханс Ванакен («Брюгге»), Педро Бикальо («Қарабах»), Франсишку Тринкан («Спортинг» Лиссабон);

Шабуылшылар: Маркус Тюрам («Интер»), Харри Кейн («Бавария»).

Айта кетейік, турнир кестесінде төрт доп айырмасымен жеңіске жеткен ПСЖ мен «Айнтрахт» көш бастап тұр. Ал «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілген «Қайрат» 34-орынға жайғасқан.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram