19.09.2025 14:47
«Қайраттың» ЧЛ ширек финалына шығу ықтималдығы – 0%
19.09.2025 14:47
Opta суперкомпьютері бірінші турдан кейін Чемпиондар лигасын жеңуге басты үміткер клубтарды атады
Дереккөз «Ливерпульді» басты фаворит санап отыр. Мерсисайдтықтардың топ жару мүмкіндігі 19.99%-ды құраған. Екінші орынға «Арсенал» (16.64%) жайғасса, үздік үштікті «Барселона» (9.86%) түйіндеп тұр.
Ал беделді нұсқа алматылық «Қайраттың» чемпион атануы былай тұрсын, ширек финалға шығуын мүмкін емес (0%) деп есептейді.
Айта кетейік, турнир кестесінде төрт доп айырмасымен жеңіске жеткен ПСЖ мен «Айнтрахт» көш бастап тұр. Ал «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілген «Қайрат» 34-орынға жайғасқан.