19.09.2025 20:36

Чемпиондар лигасының фавориттері белгілі болды

19.09.2025 20:36

Goal порталы бірінші турдан кейін Чемпиондар лигасын жеңуге басты үміткер клубтарды атады

Тізімнің көшін Ханси Флик шәкірттері «Барселона» бастады. Екінші орынға турнирдің былтырғы жеңімпазы ПСЖ жайғасқан. Ал үздік үштікті Англия чемпионы «Ливерпуль» түйіндеп тұр.

Goal нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасының топ-10 фавориті:

  1. «Барселона»;

  2. ПСЖ;

  3. «Ливерпуль»;

  4. «Арсенал»;

  5. «Реал»;

  6. «Бавария»;

  7. «Манчестер Сити»;

  8. «Интер»;

  9. «Челси»;

  10. «Тоттенхэм».

Алматылық «Қайрат» рейтингтің соңғы, 36-сатысына жайғасқан.

Айта кетейік, алғашқы ойындарында төрт доп айырмасымен жеңіске жеткен ПСЖ мен «Айнтрахт» турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Спортингке» 1:4 есебімен есе жіберген «Қайрат» 34-орынға табан тіреді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram