19.09.2025 19:30
Чемпиондар лигасының бірінші турдағы үздік ойыншысы анықталды
19.09.2025 19:30
«Барселона» ойыншысы Маркус Рэшфорд Чемпиондар лигасының бірінші турдағы үздік ойыншысы атанды
«Ньюкаслға» (2:1) қарсы ойында дубль жасаған англиялық шабуылшы дауыс беру нәтижесінде Душан Влахович («Ювентус»), Франсишку Тринкан («Спортинг») және Маркус Тюрамды («Интер») шаң қаптырды.
Маркус Рэшфорд (2 гол);
Душан Влахович (2 гол, 1 ассист);
Маркус Тюрам (2 гол);
Франсишку Тринкан (2 гол).
«Барселона» Рэшфордты биыл жазда «Манчестер Юнайтедтен» бір маусымға жалға алған еді.
Айта кетейік, Ханси Флик шәкірттері турнирдегі келесі кездесуін ПСЖ-ға қарсы өз алаңында өткізеді.