11.09.2025 11:17

Онана «Трабзонспор» ойыншысы атануға жақын

11.09.2025 11:17

Андре Онана «Манчестер Юнайтедтен» «Трабзонспорға» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның мәліметінше, Онана агентімен бірге алдағы 24 сағатта Түркияға аттанады екен. Жоспар бойынша, Трабзонға ұшып барып, медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қоюы керек.

Осыған дейін «қаратеңіздіктер» камерундық қақпашыны сатып алу құқығынсыз бір маусымға тегін жалға алған еді.

Өткен маусымда Онана жалпы 50 ойын өткізіп, 11 матчта қақпасына гол жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram