06.09.2025 20:11
Андре Онана мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін
06.09.2025 20:11
Фабрицио Романоның хабарлауынша, Андре Онана «Трабзонспор» клубына ауысуы мүмкін.
Түркиялықтар 29 жастағы қақпашыны жалға алу бойынша «Манчестер Юнайтедпен» келісімге келіпті.
Бірақ соңғы шешімді Онаның өзі қабылдайды.
Андре «қызыл сойқандардың» қатарында 2023 жылдан бері ойнап келеді. «МЮ» «Интерден» 50,20 млн еуроға сатып алған еді.