06.09.2025 18:12
Троссард «Арсеналда» қалатын болды
06.09.2025 18:12
«Арсенал» ойыншысы Леандро Троссард клубта қалатын болды
Фабрицио Романоның мәліметінше, қос тарап өткен айда келісімшартты ұзарту туралы алдын-ала келісімге келіп қойыпты.
Осыған дейін бельгиялық вингердің «Бешикташқа» ауысуына қатысты түрлі қауесет тараған еді.
Троссард лондондық клубқа 2023 жылдың қаңтар айында «Брайтоннан» ауысып келген болатын. Өткен маусымда жалпы 56 ойын өткізіп, 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.