02.09.2025 21:09

Андре Онанаға тек бір клуб ұсыныс жасаған

02.09.2025 21:09

The Athletic хабарлауынша, Чемпиондар лигасына шыға алмағандықтан, Андре Онаның және «Манчестер Юнайтедтің» басқа да ойыншыларының жалақысы 25%-ға қысқарды.

Сондықтан 29 жастағы қақпашы жаңа келісімшарт талап еткен екен. Бұл қылығы Рубен Аморимге мүлде ұнамапты.

Ал жазғы трансфер кезеңінде Онанаға тек «Монако» нақты қызығушылық танытқан.

Бірақ «қызыл сойқандар» голкипер үшін кемі 30 млн фунт сұрағанда, «Монако» ат-тонын ала қашыпты.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram