07.09.2025 22:20
Онана «Трабзонспор» ойыншысы атанады
07.09.2025 22:20
Андре Онана «Манчестер Юнайтедтен» «Трабзонспорға» ауысады
Фабрицио Романоның хабарлауынша, түркиялық клуб камерундық қақпашыны маусым соңына дейін жалға алады. Бірақ, сатып алу мүмкіндігі қарастырылмаған екен.
Онана медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қою үшін келесі аптада Трабзонға жол жүреді.
Өткен маусымда Онана жалпы 50 ойын өткізіп, 11 матчта қақпасына гол жібермеді.