04.09.2025 16:11

Онана ат басын Түркияға бұруы мүмкін

04.09.2025 16:11

«Манчестер Юнайтед» ойыншысы Андре Онана мансабын Түркия чемпионатында жалғастыруы мүмкін

Tribal Football мәліметінше, камерундық қақпашыны «Трабзонспор» клубы қатарынан көргісі келеді.

«Қаратеңіздіктер» 29 жастағы футболшыны 12 қыркүйек, яғни Түркиядағы трансфер кезеңі жабылғанға дейін жалға алуды жоспарлап отыр.

Өткен маусымда Онана жалпы 50 ойын өткізіп, 11 матчта қақпасына гол жібермеді.

Еске салсақ, манкуниандықтар осы жазда қақпашы Сенне Ламенсті «Антверпеннен» 21 миллион еуроға сатып алған болатын.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram