11.03.2026 19:48

Олисе «Реалға» ауысуы мүмкін

11.03.2026 19:48

«Бавария» вингері Майкл Олисе мансабын «Реалда» жалғауы мүмкін

Fussballdaten хабарлауынша, Мадрид клубының президенті Флорентино Перес оны Винисиус Жуниор мен Килиан Мбаппенің қасында көргісі келеді.

Перес Олисеге 160 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын. Бірақ ол үшін алдымен Браим Диас пен Франко Мастантуононы сатуды көздеп отыр.

24 жастағы француз вингері осы маусымда 37 матчта 15 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram