15.07.2026 19:47
Олисе «Реалға» ауысқысы келеді
15.07.2026 19:47
«Бавария» вингері Майкл Олисе «Реалға» ауысуы мүмкін

Санти Аунаның хабарлауынша, футболшының өзі осы жазда Мадридтің клубына қосылуға әзір. Олисе мансабының «Реалда» жалғасқанын қатты қалайды. Енді ол Әлем чемпионаты аяқталған соң агентімен осы жайлы ақылдасады.
Ал «Бавария» Майклды сақтап қалғысы келеді, десе де Мюнхеннің клубы оның орнына ойыншы қарастырып жатыр. «Реал» болса тарихта болмаған трансфер жасап, рекорд қоюға дайын.
24 жастағы Франция құрамасының ойыншысы «Баварияға» 2024 жылы «Кристал Пэластан» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 52 матчта 22 гол соғып, 31 нәтижелі пас берді.