15.07.2026 16:03

«Челси» Альваро Каррерас үшін ұсыныс жолдады

15.07.2026 16:03

«Реал» қорғаушысы Альваро Каррерасқа «Челси» көз салып отыр

Sport хабарлауынша, Лондонның клубы «Реалға» 25 миллион еуро көлемінде алғашқы ресми ұсынысты жолдапты. Бірақ «бланкос» мұны қабылдамай, кемі 50 миллион еуро қалайтынын айтқан. Каррерасты бас бапкер Хаби Алонсо өз командасынан көргісі келеді.

23 жастағы испаниялық ойыншы «Реалға» 2025 жылдың жазында «Бенфикадан» 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 40 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram