15.07.2026 15:18
Алан Ширер Аргентина – Англия матчының дәл есебін болжады
15.07.2026 15:18
Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Алан Ширер Аргентина – Англия матчына болжам жасады

«Англия финалға шығады. Оған күмән жоқ. Аргентина ылғи қақпасына доп өткізеді, ал біз міндетті түрде гол соғамыз. 3:2 есебімен жеңетін шығармыз. Кейн мен Джуд – біздің басты қаруымыз»,– деді Ширер.
Әлем чемпионатының жартылай финалы аясындағы ойын бүгін, 15 шілде күні АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц» стадионында өтеді. 00:00-де басталатын кездесуді Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.