15.07.2026 11:38
Влахович «Бешикташқа» ауысуы мүмкін
15.07.2026 11:38
Душан Влахович мансабын Түркия чемпионатында жалғауы мүмкін

Sport хабарлауынша, оған «Бешикташ» келісімшарт ұсынып, ойлануына 24 сағат уақыт берді. Ал Влахович болашағына қатысты шешім қабылдауға асықпайды. Ол «Барселонадан» әлі де үмітін үзбеді және ұсыныс күтіп отыр.
26 жастағы серб форварды 1 шілде күні ресми түрде еркін агент атанды. Ол «Ювентусте» жүріп өткен маусымда 23 матчта 10 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.