15.07.2026 19:33

Аюб Буадди «Манчестер Ситиге» ауысуға дайын

15.07.2026 19:33

«Лилль» жартылай қорғаушысы Аюб Буадди «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, 18 жастағы Марокко құрамасының ойыншысы «қалалықтар» сапына қосылуға келісім берді. Енді жақында «Манчестер Сити» «Лилльге» ресми ұсыныс жолдайды. Қос тарап қазір келіссөз жүргізіп жатыр.

Осыған дейін «Лилльдің» басты жұлдызын 100 миллион еуроға бағалайтыны белгілі болған еді.

Буадди өткен маусымда 42 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram