15.07.2026 18:19

Обамеянгтың жаңа клубы белгілі болды

15.07.2026 18:19

Пьер-Эмерик Обамеянг «Депортивоға» ауысуға жақын

Санти Аунаның хабарлауынша, «супердепор» оны «Марсельден» шамамен 1,5 миллион еуроға сатып алады.

37 жастағы Габон форварды өткен 41 матчта 14 гол соғып, он нәтижелі пас берді. Ол «Марсельге» дейін «Әл-Кадисия», «Челси», «Барселона», «Арсенал», «Боруссия» Дортмунд, «Сент-Этьен», «Милан», «Монако» және «Лилльдің» намысын қорғаған.

Ал «Депортиво» өткен маусым Сегундада екінші орын алып, сегіз жылдан кейін Испания Ла Лигасына оралды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram