16.05.2026 22:10

Нойер Ұлттық құрамаға оралады

16.05.2026 22:10

«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер Германия құрамасына оралады

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, Нойер, бас бапкер Юлиан Нагельсманн және құрама директоры Руди Феллер ұзақ уақыт бойы келіссөз жүргізіп, бір мәмілеге келді. Нәтижесінде 40 жастағы голкипер биылғы мундиальда «бундестим» қақпасын қорғайтын болды.

Нойер 2024 жылдың тамыз айында Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған еді. Германия жаһан додасында Кюрасао, Кот-д’Ивуар және Эквадормен Е тобында ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram