30.08.2025 16:40
Ник Вольтемаде «Ньюкасл» ойыншысы атанды
30.08.2025 16:40
Ник Вольтемаде «Штутгарттан» «Ньюкаслға» ауысты
Англиялық клуб 23-жастағы шабуылшы үшін «Штутгартқа» бонустарды қоса есептегенде 90 миллион еуро төледі.
Бұл – «Ньюкасл» тарихындағы ең қымбат трансфер ретінде тіркелді. Бұған дейінгі рекорд 70 миллион еуроға «Реал Сосьедадтан» ауысып келген Александер Исакқа тиесілі болған.
Вольтемаде «қызылдар» сапын 2024 жылдың жазында еркін агент ретінде толықтырған еді. Осы аралықта жалпы 36 кездесу өткізіп, 18 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.