30.08.2025 14:21

Родриго «Реалда» қалатын болды

30.08.2025 14:21

«Реал» ойыншысы Родриго жазғы трансфер кезеңінде клубтан кетпейді

Marca мәліметінше, бразилиялық шабуылшы қысқа дейін негізгі құрамнан ойып тұрып орын алу үшін тырысып көрмек.

Егер мұнысынан түк шықпаса, мансабын басқа командада жалғастыруы бек мүмкін.

Осыған дейін, Родригоның трансфері жөнінде мадридтік клубпен «Манчестер Сити» келіссөз жүргізген болатын.

Родриго «Реал» намысын 2019 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 271 матч өткізіп, 68 гол мен 51 нәтижелі пастың авторы атанды. Командамен бірге Испанияның үш дүркін чемпионы атанып, екі мәрте Чемпиондар лигасында топ жарды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram