28.08.2025 22:22
«Реал Мадрид» клубы «Қайратқа» қарсы ойнайды
28.08.2025 22:22
Чемпиондар лигасында испаниялық клуб «Реал Мадрид» Алматы қаласына келіп, «Қайратпен» ойнайды
Чемпиондар Лигасының жеребе тарту кезеңінде Алматының «Қайраты» қай топ клубтарға қарсы ойнайтындары мәлім болды. Испанияның «Реал Мадрид» клубы Алматы қаласына келіп, «Орталық стадионда» ойнаса, Лондон қаласында «Қайрат» «Арсеналмен» бақ сынасады. Ал Италияның «Интер» клубына қарсы алматылықтар Милан қаласында ойнайды. Сондай-ақ португалиялық «Спортингпен» Лиссабон қаласында күш сынасса, грекиялық «Олимпиакос» және белгиялық «Брюггеге» қарсы Алматыда ойын өткізеді.