30.08.2025 14:33

Нкунку «Милан» ойыншысы атанды

30.08.2025 14:33

Кристофер Нкунку «Челсиден» «Миланға» ауысты

Қос тарап 2030 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

«Россонери» франциялық шабуылшы үшін лондондық клубқа бонустарды қоса есептегенде 42 миллион еуро төледі.

Нкунку «Челсиге» 2023 жылдың жазында «Лейпцигтен» 60 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы аралықта жалпы 62 ойынға қатысып, 18 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram