30.08.2025 14:50
«Барселона» футболшысы клубтан кетуі мүмкін
30.08.2025 14:50
«Барселона» ойыншысы Марк Касадо жазғы трансфер кезеңінің соңына дейін клуб ауыстыруы мүмкін
Экрем Конурдың мәліметінше, 21-жастағы жартылай қорғаушыға франциялық «Марсель» мен англиялық «Вест Хэм» қызығушылық танытып отыр.
Егер жақсы ұсыныс түсіп жатса, «блауграна» испаниялық футболшысымен қош айтысуға дайын екен.
Айта кетейік, Касадо Ла Лиганың биылғы маусымында бір матчта алаңға шықты. Алайда, «Левантеге» (3:2) қарсы кездесуде нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.